Журнал туралы

«Тарих & Әдебиет» журналына және барлық жарияланған мақалаларға DOI цифрлық нысан идентификаторы беріледі.

Журналдың редакциялық алқасы, редакциялық саясаты және рецензиялаудың жаңартылған рәсімі Еуразия гуманитарлық институтының ғылыми кеңесінің шешімімен мақұлданды (2024 жылғы қаңтардағы №00  хаттама).

Мақсаты мен міндеттері: Журнал отандық зерттеушілермен қатар, жақын және алыс шетел ғалымдарының тарих және әдебиеттану ғылымының өзекті ғылыми мақалаларын жариялауға бағытталған.

Журналдың тақырыптық бағыты: тарих, әдебиеттану.

Мақаланы қарау тәртібі: Журналға ұсынылған барлық қолжазбалар рецензиядан өтеді. Рецензенттер – отандық  және шет елдік белгілі ғалым-филологтар. Рецензент зерттеу жұмысын белгіленген талап бойынша бағалайды. Егер рецензенттердің ескертулері болса, авторлар оларға 2 апта ішінде жауап беруі керек.

Жариялау туралы шешім қарастырылып отырған мәселенің өзектілігіне, алынған нәтижелердің сенімділігіне, ғылыми маңыздылығы мен зерттеу шынайылығының жоғары деңгейіне негізделеді. Редакцияға жіберілген барлық мақалалар плагиаттан тексеріледі. Плагиат анықталған жағдайда мақалалар қосымша қарауға қабылданбайды.

Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінде (COPE) белгіленген қағидаларды https://publicationethics.org/core-practices  ғылыми зерттеулердегі ұлттық және халықаралық тәртіп ережелерін қолдайды және қолданады.

Loading...